Түркия тарапы АҚШ-қа Ердоғанның қарсыласы атақты уағызшы Фетхулла Гюленді экстрадициялау туралы талап хат жібергендігін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сейсенбі күні мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Марк Тонер саясаткерді экстрадициялау үшін ұзақ уақыт керек екенін және бұл істі ресми тұрғыдан қарастыру үшін қосымша материалдар қажеттігін мәлімдеген болатын.
«Сегодня.ua.»-ның хабарлауынша Ердоғанға осы аптада қарсы науқан ретінде WikiLeaks порталы Түркияның билік басындағы Әділет және даму партиясының электронды поштасына тиесілі 290 хатты жария еткен. WikiLeaks партия мүшелерінің электронды пошталарына тиесілі хаттармен қоса елдің саяси жүесінің меншігіндегі 100 мың құжатты «қолға түсірген». Хаттар жарияланған соң келесі күні Анкара ел аумағында аталмыш портал ақпараттарының таралуына шектеу қойып, сайтты бұғақтады.