«Ердоған режимінің құрбанына айналғандардың саны 45 мың адамға жетті» деп хабарлайды Би-би-си.
Бұлардың арасында әскерилер мен полицейлерден бастап мұғалімдер, университет декандары, журналистер де бар. ЖОО-да жұмыс істейтін 15 мың мұғалім мен 1,5 мың декан Ердоғанға қарсы топтың жақтаушылары деп танылып, жұмыстан шығарылған. Түркияның ІІМ-нің 15 мың қызметкері, қаржы министрлігінің 1,5 мың маманы, спорт министрлігі мен премьер-министр кеңсесінде істейтін 250 адам саяси тұрғыдан қысқартуға ұшыраған. Мемлекеттік төңкеріс оқиғасынан кейін 6 мың әскери қызметкер, 9 мың полицей тұтқындалса, 3 мың судья қызметтен босаған. Бұлардың барлығы Фетхулла Гюленнің жақтастары деп танылса керек.