Бұл туралы Би-би-си хабарлайды. Әзірбайжан астанасында орналасқан Кавказ университеті 1993 жылы түрік кәсіпкерлерінің қолдауымен ашылған. Аталмыш жеке меншік оқу орнының исламист уағызшы, Түркияның қазіргі билігінің басты қарсыласы Фетхуллах Гюленмен байланысы бар деген ақпарат тараған.
«Әзірбайжан Гюленмен байланысты деген хабар тараған соң Кавказ университетін жапты. Бұл университет елдегі ең мықты оқу орындарының бірі еді» деп жазды, Twitter-дегі парақшасында журналист Хадиджа Исмаилова.
APA агенттігінің хабарлауынша 20 шілдеде аталмыш университеттің құрылтайшысы Әзірбайжанның білім министрлігіне ЖОО-ын жабу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған. "Туран" ақпарат агенттігінң мәліметі бойынша, университетті құрушылар Гюленнің жақын адамдары болған. 2014 жылы Әзірбайжан билігі Түркияның өтініші бойынша әйгілі исламист уағызшымен байланысты мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмыстан шығарды. Бүгінде Фетхуллах Гюлен Түркияда Президент Ердоғаннан кейнігі ең беделді саяси тұлға саналады.