ШҚО-да жаңа халықаралық диалог алаңы құрылды. Бүгін Өскеменде «Үлкен Алтайдың трансшекаралық кеңістігі: демографиялық және әлеуметтік-мәдени үрдістер, жаңа ынтымақтастық нысаны» ашылды.
Халықаралық жастар мектебі биыл алғаш рет қатысушы елдерге өз есігін ашты. Ол ынтымақтастық саласын кеңейтуге, Үлкен Алтай аумағында тұратын халықтар арасында достықты нығайтуға бағытталған жобаларымен белгілі «Біздің ортақ үй - Алтай» халықаралық үйлестіруші кеңесінің аясында әрекет ете бастады.
ШҚО ІСБ басшысының айтуынша, «Біздің ортақ үй - Алтай» - бірегей ұйым, ол жыл сайын байланысты дамытуға, нығайтуға, шекаралық өңірлердің орнықты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жастар, балалар экологиялық экспедициясының қатысуымен жобалар тұрақты түрде жүргізіледі. Адамдардың шығармашылық әлеуеті осы кеңес жұмысының аясында жүргізілген түрлі байқаулар мен тақырыптық сабақтарда ашылатын болады.
Халықаралық жастар мектебінің жұмысы Үлкен Азия елдері: Ресей, Қазақстан, Қытай, Моңғолия жастары арасындағы ғылыми-білім беру, іскерлік, гуманитарлық, достастық байланыстарды орнатуға бағытталған. Оған студенттер, ғалымдар және жастар ұйымының өкілдері қатысады.
Бүгін пленарлық отырыста олар өңірлердегі жастар саясатының дамуы жайлы айтты, сосын Мектеп жұмысы Тайынты ауылында өңірдің әдемі жерлерінің бірінде жалғасты. Таңертең семинар-тренингтер, дәрістер өтті, тәжірибе алмасу үшін алаңдар ашылды.
Белгілі болғандай, жоба аяқталу бойынша қатысушылар мемлекеттік және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қояды.