ШАРДАРАЛЫҚ ДИҚАНДАР ГЕКТАРЫНАН 250 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ ЖИНАУДА

/uploads/thumbnail/20170709054003500_small.jpg

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы шаруалары биыл бау-бақшадан мол өнім алып отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Аудан бойынша осы маусымда 59 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері ексе, соның 11 мың гектарға жуығы бау-бақша дақылдары болып табылады. Әсіресе, күннің көзі жылынысымен егістік алқапқа шығып кеткен диқандар қауымы қауын-қарбыз секілді ерте пісетін өнімдерін пұлдап үлгерді.

Диқандардың еңбегі келтірілген деректерге қарағанда, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңға дейін шардаралық шаруалардың 3338 гектар егіс алқабынан 83450 тонна қауын-қарбыз сатылымға шығарылған екен. Оның ішінде, өзіміздің нарықтан бөлек, 50 000 тоннасы Ресей мемлекетіне экспортталса, қалғаны өзіміздің солтүстік облыстарға жөнелтіліпті.

Диқандардың айтуынша, биыл егістік өнімдері мол болған. Оған биылғы ауа райы да өте қолайлы болып тұрыпты. Соның арқасында бітік шыққан егін диқандарды мол азыққа кенелткен. Енді оңтүстіктік диқандар егістік алқаптарының күтімін үнемі жасап отыруды қолға алмақ.

Мамандардың есебі бойынша гектарынан орташа 250 центнерден өнім алған аудан диқандарының көңілдері тоқ деп айтуға болады. Себебі енді басталған өнім алу маусымы әлі біразға жалғасатыны белгілі. Бау-бақша өнімдерінің басым бөлігі енді пісіп жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш күн сайын арта түсетіні белгілі. бойынша осы маусымда 59 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері ексе, соның 11 мың гектарға жуығы бау-бақша дақылдары болып табылады.

 

Қатысты Мақалалар