Арыс қаласындағы ұн диірменінде шығарылатын өнім көлемі ұлғайды,-деп хабарлайды Qamshy.kz.
Енді мұнда тәулігіне 120 тонна бидай өңделеді. Оңтүстікте шығарылатын тауар жылдың соңына дейін шетелге жіберіледі деген жоспар бар. Диірменшілердің айтуынша, диірмендегі қондырғылардың көмегімен он бес минуттың ішінде ұн дайындалады екен. Диірменде ұн өндіру мен өңдеуде біршама адамдар жұмыс істеп, сапалы өнімді нарыққа ұсынып отыр. Автоматтандырылған аппарат жұмыстың +0 пайызын өзі атқарады. Қазір мұнда 10 адам жұмыс істеп жатыр. Диірменде тәулігіне 90 тонна ұн, 120 тонна бидай өңделіп шығады,-деп жазады otyrar.kz.
Оңтүстік диірменшілерінің айтуынша, олар өндірген тауарлар жылдың соңына дейін шетелге жіберіледі. Ал диірменшілер бұл үшін өте қуанышты сезімде. Себебі, еңбегінің жемісін көру әрбір шаруа үшін үлкен қуаныш дйді оңтүстік өңірінің диірменшілері.
Бұл жобаның жалпы құны 163 млн теңгені құрайды. Бұл кәсіпорын алғаш жұмысын өз күшімен бастаған екен. Диірменнің көлемін ұлғайту мақсатында серіктестік басшысы «Даму-Өндіріс-2» бағдарлама аясында несие алған. Бірақ, ұн өңдеуде бұл қаражат жетпепті. Тағы да көмек алуға әзір. Бірақ, жолына кедергі болатын тұстар көп. Дегенмен, диірменнің қуаттылығы өз қарқынында. Аталмыш дирменде өндірілген ұн өнімі ел ішінде өте үлкен сұранысқа ие екені белгілі. Сондай-ақ, енді мұнда шығарылатын бидай мен ұн шет елге жіберілетін болады.