Республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің іс сапары үкімет тарапынан берілген мол мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жұмыс жасап жатқан Ақдала ауылдық округінде «Агрофирма "Жаңа Ақдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің томат өңдеу зауытында жалғасты,-деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қазіргі таңда кәсіпорынның төрағасы Т.Е.Ажибековтің басшылығымен қуаттылығы тәулігіне 600 тоннаны құрайтын көкөніс және жеміс өндеу зауытында 120 адамды орташа 50,0 мың теңге жалақымен тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық жұмыстарға180 адамды жұмыспен қамтып, 300 га. жерге тамшылатып суғару әдісімен қызанақ, 170 га. жерге бау, барлығы 470 га жерді игеріп, еліміздің әлеуметтік және экономикалық жағынан дамуына өз үлестерін қосуда.
Шағын дәне орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Оңтүстік қазақстан облысында шарулардың мәселелеріне оңтайлы шешім тауып беру оң қарастырылған. Бұл үшін арнайы жұмыс тобы күндіз-түні қызмет етіп, саннан сапаға көшуді мақсат етіп отыр екен.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту – Елбасы қойып отырған басты міндеттердің бірі. Оның ішінде өңдеуші саланы дамыту, отандық өнімдер қатарын арттыру экономиканы диверсификациялаудың басты шарты болып отыр. «Агрофирма "Жаңа Ақдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сынды кәсіпорындар Елбасы саясатының жемісті нәтижесіне айқын дәлел бола алады. «Агрофирма» «Жаңа дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығының айтуынша, оның өнімдері де тек облыс аумағында емес, республика деңгейінде сұранысқа ие болып отыр.