Оңтүстік Қазақстан облысы Шұбар ауыл округінде 2010 жылы іске қосылған "Шұбар асыл тұқымды кешені" ЖШС шошқа өсіріп, бордақылаумен айналысады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл жобаның жалпы құны 141 млн. теңгені құрайды екен. Қаржы көзі - ҰҚ "Оңтүстік ӘКК" акционерлік қоғамы болып табылады. Бұл кешенде 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Кешенде бүгінде 5000 шошқа бар. "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық құны 70,0 млн. теңгеге мал сою цехы іске қосылды. Қуаттылығы - тәулігіне 5000 тонна болып табылады. Серіктестік төрағасы С.Валиевтың мәлімдеуінше бұл кешен айына 30 тонна ет шығарады екен. Мұнда етті тексеретін арнайы зертхана да жасақталған.
Тағы бір айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шұбар аулының кәсіпорын иелері бүгінде ауылда біршама адамға жқмыс беріп, аудан, ауыл, аймақ, облысты етпен қамтамасыз етуге бар күш-жігерлерін салып, тырысып бағуда. Айтуларынша, бұл үшін қажырлы еңбек керек екені сөзсіз.
Айта кетейік, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын қоса айналысатын өңір болып табылады. Сол себепті Оңтүстік өңірде асыл тұқымды малдардың қолға алынуы, ет өндімдерінінің Қазақстанның барлық аймақтарымен қатар, алыс-жақын шетелдерді де қамтамасыз етуі заңдылық болып табылады.
"Шұбар асыл тұқымды кешені" ЖШС-нің ұжымының айтуынша, бұл жерд жұмыс істеп, ай сайын 30 тонна ет шығару ел сенімін ақтап, ет өнімдерін қамтамасыз етуге үлкен мүмкін беретін бірден бір орын екен.