Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ауыл шаруашылығын қолдау жайлы «Максимум АИО» басшылығының «Ашық есік» көшпелі жиыны өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбет жүргізіп отырды. Жиналысқа «Максимум АИО» төрағасының орынбасары Дәулетқожа Мамытов, «Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС-і төрағасының орынбасары Ербол Сулешов, аудан аумағындағы қаржы институттарының өкілдері, агроқұрылым басшылары, тиісті бөлім басшылары қатысып отыр. Жиынды қозғалған басты мәселе, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселелері сөз болды.
«Максимум АИО» төрағасының орынбасары Дәулетқожа Мамытов несие рәсімдеуде заңсыздыққа жол бермеу керектігін айтты. Кәсіпкерлер несие алудың жолдары туралы көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.