СОЗАҚТА ШҰҚЫРОЙ КАНАЛЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

/uploads/thumbnail/20170709054056157_small.jpg

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы бойынша ең шұрайлы суармалы жер Шұқырой тоғаны теңгеріміндегі жерлер болып табылады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Шұқырой каналы биыл ағымдағы жөндеуден өткізіліп 200 га суармалы жер игерілді. Алайда егіс көлемін арттырып, судың жеткілікті болуы үшін каналды қайта салу кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Бұл жөнінде аудан әкімінің есебінде жергілікті халық мәселе етіп көтерген болатын. Осыған орай жергілікті тұрғындар бұл жолы да канал мәселесін көтерді. Каналды қайта салып, егіс көлемін 500-600 га дейін жеткізу ауданды 2018 жылға дейін дамыту концепциясында межеленген болатын. Бүгінде бұл мәселе шешімін тапты. «Қазсушар» ММК Оңтүстік Қазақстан филиалынан құрылған топ келіп, каналдың топографиялық түсірілімін жасауда. Судың, суармалы жерді қадірін білетін «КазСуШар» Р.М.К ОҚО филиалы қазіргі таңда каналды жөндеуді Республикалық бағдарламаға енгізіп, каналдың топографиялық түсірілімін бастап кетті. Ел үшін игілікті істің басында жүрген  азаматтарға іске сәт! – дейміз.

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Соөаз ауданында орналасқан Шұқырой тоғаны биылғы жылы өткен жылдармен салыстырғанда сапалы жұмыс нәтижесін көрсеткен. Созақтықтар енді әр жылы осындай табысты әрі нәтижелі еңбек етуді мақсат етіп отырғандықтарын айтады. Айтулыранша бүл үшін арнайы мақсат-міндеттерді алдарына жоспарлаған екен.

Жергілікті тұрғындар енді алдағы уақытта осы аталған каналдың жұмысы толығымен аяқталғанын күтіп отыр. Осыны ескерген жергілікті басшылық пен мердігер компания дұмыстарын тездетуге талпынуда. 

 

Қатысты Мақалалар