СОЗАҚТА МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ ЕКПІНДІ ЖҮРУДЕ

/uploads/thumbnail/20170709054057673_small.jpg

 

Биылғы жылғы мол жауын шашын шаруаға жайлы болды. Соның арқасында Созақта мал азығын дайындау екіпінді жүріп жатыр,-деп хабарлайды Qamshy.kz.    

Аудан көлемінде шөп шүйгін шығып, жердің ырысы артып тұр екен. Қазіргі таңдағы шаруалардың алдында тұрған міндет, қыстың күніне ертерақ қамдану ғана қалды. Сондықтан да мал азығын дайындау қызу жүргізіліп жатыр.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің басшысы Ә. Сахиұлы: «Жер ана мейрімін төгіп, соңғы 30-40 жылда болмаған өнімін беруде. Мол байлыққа кенелгендей болдық. Жылда тәліми жерде жоңыршқалық бір-ақ рет орылатын. Ал, қазір екінші орымы жүріп жатыр» -дейді.

Жыл басынан бері мол табысқа кенелген Оңтүстік Қазақстан Қазақстан облысының Созақ ауданының ауыл шарушалығы шаруалары 100 тонннадан жоғары өнім алып, ауданның атын республикаға танытып үлгерді.

Жыл басында биылғы жылы 113 мың тонна сояулы шөп дайындау жоспары болатын. Қазір 84 342 тонна мал азығы дайындалып үлгерді. Шөп ору науқаны аяқталғанша жылдағыдан 1,5 есе мол өнім алынады деп күтілуде. Осылайша жылдағымен салыстырғанда еселеп өнім алып жатқан шаруалар ала жаздайғы еңбектерінің ақталғанына қуанышты. Биылғы жылдың жауын-шашыны шауаға жайлы болып, осылайша шаруалар жер анадан қаншама еселеп өнім алып жатыр. Жақсылыққа толы жылдан мол өнім күткен шаруалар бұл жылы жылдағыдан тіпті ерекше екенін мақтанышпен жеткізді.

 

Қатысты Мақалалар