ТӨЛЕБИДЕ ЖАПОН СҰРЫПТЫ ҚИЯР ӨНДІРІЛУДЕ

/uploads/thumbnail/20170709054059267_small.jpg

Ауданда «Қаракемер» жеке шаруа қожалығы қияр өсіріп шаруасын дөңгелетіп отыр. Қожалық төрағасы Бектұрсынов Ермахан осы әулеттің үлкені несібесін осы жерден теріп жеп отырғандығын айтады. 2,5 га  жерден былтырғы жылы 60 тонна  қияр өнімін алған. Қазіргі таңда өнім көлемі ұлғайған,  қожалық төрағасы екі есе өнім аламыз деп жоспарлап отыр. Жапон сұрыпты қияр ұсақ әрі жұмсақ ерекше дәмді-дейді.  Өндірілген қиыр ауданды қамтып отыр, қалғаны жақын өңірлерге жөнелтуде. Соңғы жылдары қиярдың бұл түріне сұраныс арта бастаған. Оның бір дәлелі – шаруашылықтың әлі жетілмеген қиыр жеткілікті,  ал бірінші  өнімі шілде айында жиналып сатылып кеткен. Қожалық 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бәрі өз әулетінің қыз-келіндері мен ұлдары жұмыс жасауда.

Қатысты Мақалалар