ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЕГІСТІКТІ ИГЕРУ МЕЖЕСІ 100 ПАЙЫЗҒА ОРЫНДАЛУДА

/uploads/thumbnail/20170709054100845_small.jpeg

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында ауыл шаруашылығы дихандарының жиын терім науқаны басталып кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Биылғы жылы егістік көлемі 19859 га бидай  арпа дақылдары егілді. Шаруалар бүгінгі күнге дейін бидай 12747 га, арпа 7112 га егістік орылды, 42,8 пайызға орындалып,  яғни былтырғы жылға қарағанда шаруалар үшін өнімнің түсімі 23,5 пайызға артқан. Әлі орылмаған бидай 12347 га, арпа 2612 жиналу үстінде. Төлебилік шарушалар да биылғы өнімнің түсімі мен пайдасына дән риза екендерін жасырмайды.

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төле би ауданының диқандары бүгінде ауыл, аудан, аймақ, облыстың егін шаруашылығы мен ел экономикасына айтарлықтай үлес қосып келеді. Ол үшін диқандар жемісті еңбектерінің нәтижесіне шүкіршілік айтуды ұмыт қалдырған емес.

Егін орағын толығымен жинап алу үшін казіргі заманғы техникалар жұмылдырылған, астық оратын комбайындар -75 бірлік, тасмалдаушы техника жүк автокөліктері-153 бірлік,  трактор тіркемелері -103 бірлік. Өртке қарсы К-700 А, К-701 -21 брлік және МТЗ техникаларының барлық маркасы-27 бірлік техникаларымен қамтамасыз етілген екен. Бүгінде бидай 12747 га, арпа 7112 га егістік орылып болды. Мақсат 42,8 пайызға орындалып,  яғни былтырғы жылға қарағанда шаруалар үшін өнімнің түсімі 23,5 пайызға артып отыр. Әлі орылмаған бидай 12347 га, арпа 2612 жиналуда. Шаруалардың жұмысы әлі біраз уақытқа жалғасқалы тұр.

Қатысты Мақалалар