Елбасы ауылшаруашылық саласына қолайлы өңірлерде етті мал шаруашылығын дамыту арқылы ірі қара мал етінің экспорттық потенциалын арттыруды тапсырған болатын.
Осыған орай елімізде қарапайым шаруашылықтарға қолайлы ретінде шағын мал бордақылау алаңдарын құру бастамасы қолға алынып, жүзеге асырыла бастады. Осы іске аудан тұрғындары белсенділік танытып, бел буып, мемлекет тарапынан беріліп отырған қаржы ұйымдарынан несие алып, өз ісін дөңгелетіп отыр.
Қазіргі таңда ауданда сапалы ірі қара малы етін шығару аясында 10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдары соңғы 3 жылда 705 бірлікті құрап, берілген жоспар артығымен орындалып отыр.
Сонымен қатар шағын жанұялық ферма құру жоспары бойынша да ауданда соңғы 3 жылда 71 бірлік шағын жанұялық фермалар ашылып, жұмыс атқаруда.