Риода өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 85 келіге дейінгі салмақта төртінші орын алған шығысқазақстандық Денис Уланов енді Әлем Чемпионаты мен 2018 жылы өтетін жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғауға дайындалады, - деп хабарлайды Qamshy.kz..
Бұл жайлы Денис Улановтың бапкері Александр Девяткин мәлімдеді. Бапкердің айтуынша, Риода өткен ойын Денис үшін келесі Олимпиада ойындарына деген жаттығу болды.

– Жіберген кемшіліктерді байқап, алдағы уақытқа үлкен жоспар құрудамыз. Биылғы жыл енді тек жаттығумен өтсе, келер жылы Әлем Чемпионаты, одан кейін 2018 жылы өтетін жазғы Азия ойындарына әзірленіп отырмыз, – деді Александр Девяткин.
Айта кетсек, Олимпиада ойындарында Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 350 келіні көтеріп, төртінші орын иеленген болатын