Үндістан мен Пәкістан БҰҰ өкілдерін Кашмирге кіргізбей қойды

/uploads/thumbnail/20170709054255581_small.jpg

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад аль-Хусейн Үндістан мен Пәкістан билігі халықаралық ұйымның  тәуелсіз сарапшыларына  Джамму және Кашмир  штатына кіруге келісім бермегені үшін өкініш білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл өңірде адам құқықтары бұзылғаны туралы ақпараттар келіп түскен. БҰҰ өкілінің мәлімдемесінде маусым айында зорлық-зомбылықтың белең алғаннан кейін Жоғарғы комиссар екі елдің басшылығымен байланысып, аталмыш аймаққа адам құқықтары жөніндегі сарапшылардың өтуіне рұқсат беруді өтінгені айтылған. Сарапшылардың мақсаты халықаралық құқықтардың бұзылуына қатысты орын алған оқиғаларға баға беру болатын. Алайда Үндістан мен Пәкістан басшылығы БҰҰ өкілдерінің аймаққа кіруіне рұқсат бермеген. Зейд Раад аль-Хусейннің айтуынша, сарапшылардың мақсаты «Оқиғаны тәуелсіз түрде және нақты деректерге сүйене отырып саралау». «Мен бұл аудандарға кіруге мүмкіндік беру жөніндегі өтінішті тағы да қайталаймын» деді, өз мәлімдемесінде Жоғарғы комиссар.

Қатысты Мақалалар