Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні Ақжар ауылында республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Аталмыш акция аясында аудан әкімі Д.Оразбаев аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларына мектепке арналған киімдер, спорттық киімдер және де оқу құралдарының толық жиынтығын табыс етті.
Акцияның мақсаты - оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру. Сонымен бірге, акция әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған.