Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың ақпарат саласына жауапты орынбасары болып Алан Әжібаев тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Министр бұл туралы өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында жариялады.
«Қымбатты достар!Мына бір елеулі жаңалықты өздеріңізбен бөлісіп қояйын, ақпарат саласына жауапты вице-министр қызметіне Алан Ғазизұлы Әжібаев тағайындалды», - деп жазады министр.
Алан Әжібаев еңбек жолын 90- жылдардың ортасында «Макс» радиосында радиожүргізуші болып бастап, әр жылдары «31 арнада», «Караван» радиосында, «ТАҢ» телерадиокомпаниясында» және «Тенгри ФМ» радиосында түрлі қызметтерде болған. Соңғы жылдары «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттерін басқарған.
«Бүгінгі күні бұл сала бойынша алдымызда бірқатар маңызды міндеттер тұр. Алан Ғазизұлының журналистік қызметтегі мол тәжірибесі мен біліктілігі осы міндеттерді табысты жүзеге асыруға негіз болады деп сенемін», - деп жазады Д. Абаев.