Мешіт имамы «Мектепке жол» акциясына қосылды

/uploads/thumbnail/20170709054620881_small.jpg

Республикалық «Мектепке жол» акциясы әлі жалғасуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz .

Алматыдағы игілікті шара Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында дәстүрге айналған республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты.

«Акция барысында Әуезов аудандық «Ақсай» мешітінің бас имамы Сейітбек Абдырахымұлының қолдауымен мектебіміздің 43 оқушысы мектеп формасымен қамтамасыз етілді», - деп хабарлайды мектеп әкімшілігі.

Мектеп ұжымы Алматы қаласы Әуезов аудандық «Ақсай» мешіті жыл сайын акция барысында мектеп оқушыларына әрдайым көмек көрсетіп отыратынын айтып, осындай игі істерге әрдайым себепкер болып отырған Сейітбек Құтышевқа алғыс білдіреді.

Жалпы акция барысында мектеп оқушыларына  645 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

 

Қатысты Мақалалар