Қазақстандық боксшы Иван Дычко Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы ағылшынның 30 жастағы боксшысы Джо Джойспен жұдырықтасты. Бірінші раундта үш төреші де Дычко басым болды деп шешті. Екінші раунда екі боксшының да шаршап қалғаны байқалды. Сөйтіп, есеп теңесті.
Қорытынды раундты төрешілер ағылшынның пайдасына шешті. Жекпе-жек қорытындысында Джо Джойс жеңіске жетіп, финалға шықты. Ал Дычко Қазақстан қоржынына 16-шы медалді салды.
Айта кетейік, біздің құрамада Данияр Елеусінов 69 келіде алтын алса, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов пен 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Василий Левит күміс еншілеген еді. Міне, енді Дычко Қазақстан қоржынына кезекті қола медальды салды.