Дариға Шәкімова - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері

/uploads/thumbnail/20170709054639178_small.jpg

Әйелдер арасында бокстан 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ел қоржынына 17-ші медалді салған Дариға Шәкімова қазақ қыздары арасынан тұңғыш бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері атанды.

Шәкімова ең алғашқы жекпе-жегінде канадалық қарсыласы А. Фортинмені 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алған еді. Одан кейін ¼ финалда ол қарсыласы ресейлік Ярослава Якушинаны 3.0 есебімен жеңді.

 

Қатысты Мақалалар