Фейсбук әлеуметтік желісінде Дина Таңсары деген қолданушы Алматы облысы Есік қаласында болған жантүршігерлік оқиға туралы жазады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Постқа зардап шеккен Жібек есімді қыздың анасы Гүлбадар Мусинаның видеоүндеуі қоса тіркелген.
Гүлбадар Мусинаның айтуынша, оқиға биыл 13 тамыздан 14 тамызға қараған түні болған. Қызы Жібек ағасы екеуі туыстарының тойынан шыққанда, мейрамхана алдында төрт жігіт Жібеккті күштеп көлікке отырғызып алып кеткен.
Жібекті туыстары түні бойы іздейді. Көлікті де өздері іздеп тапқан. Төрт жігіт Жібекті аудандық ІІБ ғимаратынан 50 метр жерде көлік ішінде зорлаған. Жібекті жәбірлегендердің екеуін қыздың ағалары ұстап, полицияға тапсырған. Екеуі қашып үлгерген.
Қыздың туыстары жәбірлеушілерді тауып алғанда, олардың жанында арнайы киімдегі полиция қызметкері болғанын айтады Д. Таңсары.
14 тамыз күні таңертең жәбірленуші тарап полицияға арыз жазады. Алайда, полиция зорланған қыздың туыстары өздері ұстап әкеп тапсырған екі күдіктіні босатып жібереді. Ішінде қылмыс жасалған көлік те иелеріне қайтарылған. Жәбірлденушіден жергілікті перзентханада анализ алынғанымен оның қайда жолданғаны, нәтижесі қалай болғаны да белгісіз көрінеді. Өйткені, кешеге дейін ол анализдер туралы ешбір мәлімет болмаған.
Д. Таңсарының айтуынша, тек 17 тамызда ғана полицияда істі тергеп жатқан тергеуші ауыстырылып, ол жәбірленушіден қайта жауап алып, жауап алу сәтін видеоға жазған. Қылмысқа қатысты көлік те полицияға қайта әкелінген. Алайда, ол кезде көліктің орындықтары, іші сырты түгел жуылып, тазартылғаны белгілі болып отыр.
Пост авторы жәбірленген қыздың туыстары бұл істі құр қалдырмайтынын, қылмыскерлердің тиісті жазасын алуы үшін аяғына дейін жеткізуге оқталғанын айтады және жұртшылықты да осы мәселеге назар аударып, бақылауға алуға шақырып, сексуалды қысымға қарсы жалпыұлттық қозғалыстың Жібекке қоғамдық қорғаушы болатынын жеткізген.
«Зорлау оқиғалары жиі кездесіп жүр. Мына жағдайда қылмыскерлердің өздерін еркін сезінуі, басынуы шошытады. Жібекті зорлағандар оның ауылдастары. Олар Жібектің жалғыз емесін, намысын қорғайтын ата-анасы, аға, апалары барын біле тұра осындай қылмысқа барған. Қылмыс жасап болған соң, оны өлтіруге де оқталған. Жібекті ағалары құтқарып қалған» деп жазады