Қазақ тілі – елдігіміздің тірегі

/uploads/thumbnail/20170709054950805_small.jpg

Мың өліп мың тірілген тәуелсіз Қазақстанның қай түкпірінде барсаңда орыс тілінсіз күнің қараң екеніне көзім жетті!!! Конституциядағы «қазақ тілі - мемлекеттік тіл» дегені бос сөз екен. Қазақ еліне 25 жыл!!! Ширек ғасыр!!! Осы аралықта Қазақстан- орыстілді мемлекет болып қалыптасып кеткенін мойындауға тура келіп тұр. Бұны көріп қазақ болып қалай налымайсың!!!

Тіптен басқа ұлт өкілдерінің «қазақтар, саясаттарыңды басқа мемлекеттің тілінде жүргізсеңдер, сендерге тәуелсіздік неге керек» деген езулеріндегі мысқыл күлкілерін де сеземін. Осындайда «Не істеу керек?!.» деген сұрақты өзіме-өзіме қойып жауабын таба алмаймын. Өйткені ел басқарған төрелердің 99 пайызы қазақтар, ал ел халқының 70 пайызы қазақтар.

Тіптен тілдің беделін көтеретін сыртқы істер министрінің және басқа да лауазымды тұлғалардың шетелге ресми сапарлары кезінде ел саясатын неге орыс тілінде жүргізетіндеріне мүлдем түсінбеймін, сонда Елбасының жіліктей шағып берген «Мәңгі ел», «Ұлы дала елі» жобалары қайда қалады. Ал бұл жобалар қазақ ұлтынсыз, қазақ тілінсіз жүзеге аспайтын жобалар. Әлде Қазақ елі «мәңгі ел» болғаны ма!?: Елбасы айтқан «қазақ пен қазақ орысша сөйлессін, қазақ тілі Ұлы Дала тілі» деген қанатты сөздері кімдерге айтылған!?.

Дегенмен шетелге қазақ елінің атынан барады екенсің өз тіліңде сөйле, еліміздің тәуелсіз саясатын жүргіз, ал егер басқа елдің тілінде саясат жүргізу, Қазақ елінің басқа елдің қолжаулығы болғаны. Яғни қазақ елінің тәуелсіз саясаты жоқ деген сөз.

Бірақ бір жақсысы әлемге ақыл, әртүрлі ұсыныстар айтамыз, бірақ жер астығының байлығын ұсата алмай талан - тараж саламыз, жерді игере алмай сатамыз, өз тілімізде сөйлеуді ар көреміз, сонда біз қандай мемлекет «құрудамыз»???

Тағы да көкейде жүрген қыжыл ол төрде отырғандардың өзінің тілін, салт-дәстүрін мансұқ қылғандары, өйткені 25 жылдың ішінде бір ұрпақ өсіп шықты сол ұрпақ қазақ тілін пайдалану керек емес пе, жоқ, керісінше қытайша, орысша, ағылшынша үйреніңдер деп қазақ тілін тасада қалдырды, ал өнегені экономикасының кежегесі кері кеткен орыстан үйреніңдер дегендері елім - жерім деп ел басқарып отырған азаматтардың қай тірлігі?! «Қазақтың жауы қазақ» болғаны ма!?.

Жалпы қазақтар қанағатшыл халықпыз ғой тек тыныштық болса екен дейміз...

Сонда да қолында билігі бар азаматтар қазақ тілін тұқыртпай, қазақ халқын мұқатпай, елдің абыройын көтеріп, Қазақ елінің мәртебесін асқақтатса екен, өйткені Президентіміз 1997 жылғы стратегиялық жолдауында барша азаматтардың қазақ ұлтының аясында топтасу керек деген еді. Қазақ тілі – елдігіміздің тірегі болсын.

Ерсін Ерғалиев

Қатысты Мақалалар