Тарихта тұңғыш рет Вэл Баркер кубогын әйел боксшы иеленді

/uploads/thumbnail/20170709054953540_small.png

Олимпиада тарихында тұңғыш рет Вэл Баркер кубогын әйел боксшы иеленді, - деп хабарлайды Qamshy.kz AIBA (Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы) ресми сайтына сілтеме жасап. 

Америкалық боксшы Кларесса Шилдске Вэл Баркер кубогы табыс етілді.

Ең үздік техникасы үшін осындай биік марапатты иеленген 21 жасар К.Шилдс бұдан төрт жыл бұрын Лондонда бірінші рет үздік шыққан еді. Онда бокстан қазақстандық қыздар арасында тұңғыш рет олимпиада жүлдегері атанған Марина Вольнованың жолын жартылай финалда дәл осы К.Шилдс кескен еді. Риода дәл осы жағдай қайталанып, Дариға Шәкімова 75 кг салмақта Кларесса Шилдске жол берді.


 

Ерлер арасында Вэл Баркер кубогы өзбекстандық Хасанбай Дусматовқа берілді. Ол алтын жүлдеге барар жолда қазақстандық Біржан Жақыповты да жеңген болатын.

Айта кетейік, Вэл Баркер кубогы үздік боксшыға 1936 жылдан бері тапсырылып келеді. Бұған дейін Қазақстаннан Василий Жиров (1996), Бақтияр Артаев (2004) және Серік Сәпиев (2012) Вэл Баркер кубогын иеленген болатын. Бұл жөнінен Қазақстан АҚШ боксшыларынан кейін (оларда 5 кубок бар) екінші орында тұр.

 

Қатысты Мақалалар