Он күн бұрын жоғалып кеткен астаналық студент Қарағандыдан табылды

/uploads/thumbnail/20170709054957196_small.jpg

Он күн бұрын жоғалып кеткен астаналық студент Бақтияр Жаманғараев Қарағандыдадағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 тамызда Астана қалалық ІІД жедел уәкілдері Жаманғараевтың Қарағанды қаласындағы жалдамалы баспанада екендігін анықтады. Ол жедел-іздестіру шараларының барысында табылды. Бастысы аман-есен. Қазір ол туыстарымен бірге. Оған қатысты заңға қайшы әрекет болмады", - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз бөлімінен.

Естеріңізге сала кетейік, 11 тамыз күні Астанада Қазақ гуманитарлық-заң университетінің түлегі Бахтияр Жаманғараев жоғалып кеткен болатын. Анықталғанындай, жігіттің көлігі ломбардқа тапсырылған. Жоғалып кетердің алдында Бахтияр букмекерлік кеңселердің бірінде бәс тіккен, оның құмар ойындарға әуес болғаны да белгілі.

Қатысты Мақалалар