Түркияның оңтүстік-шығысында той үстінде болған жарылыстан қаза болғандар саны 53 адамға жетті, оның 22-сі 14 жасқа толмаған бүлдіршіндер, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Жергілікті «А Хабер» телеарнасының мәлімдеуінше, жарылыстан 69 адам жараланған. Әзірге ешқандай лаңкестік ұйым жарылысты өз мойнына алған жоқ. Президент Ердоғанның ойынша, мұны ДАИШ лаңкестік ұйымы жасаған болуы мүмкін.
Түркиядағы лаңкестік актіні Ресей, Әзірбайжан, АҚШ және Франция сынды бірқатар мемлекет қатаң айыптады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.