Шардарада Қосановтар отбасы жылыжайын кеңейтті

/uploads/thumbnail/20170709055234568_small.jpg

 

Қоссейіт ауылында соңғы уақытта жүзім өсіріп, үйінен жылыжай салушылар қатары молайып тұр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев былтырдан бастап барлығы 13 гектар алқапқа жүзім ағашын отырғызып жатқан Қабылан Жұмабектің шаруашылығын аралап көрді. Жапырағын жайқалтып үлгерген баудың өсімі жақсы көрінеді екен. Бүгінгі күннің талабы – кооперативке біріге отырып, мемлекет тарапынан берілетін көптеген жеңілдіктерді пайдалану болып табылатынын жете ұғынған Қабылан мырза бұл жұмыста кездесетін қиындықтарды да айтып өтуді ұмытпады. Қожалық иесін мұқият тыңдаған аудан басшысы проблемалар бойынша жұмыс жүргізетінін де айтты.

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара ауданының тұрғыны, кәсіпкер Нәдір Қосановтың отбасы бүгінде жылыжайдың жайын жасап, сапалы еңбек нәтижесін көрсетуге бар күш-жігерлерін салып жатқаныдарын айтады. Айтуларынша, ебектің наны тәтті, табыстары да жаман емес көрінеді.

Айта кетейік, бұл ауданда өз алдарына жұмыс жасап, табыс табатын шарулар бүгінде күн санап көбейіп келеді екен.

Аудан әкімі үйіргелік жылыжай көлемін одан әрі ұлғайтып жатқан Нәдір Қосановтың тірлігіне риза болды. Алғашында 10 сотық жерге жылыжай жасап, көк-сөк еккен Қосановтардың отбасы өнімді өзінен шығарса көл-көсір пайда болатынына көздері жеткен екен. Сондықтан да биыл тағы да ауласындағы жылыжай көлемін кеңейтіпті. Алдағы уақытта атамұраға алған жерінен 50 сотық жерге жылыжай жасап, ауылды көгергенмен қамтамасыз етуге тәуекел жасап отырған Нәдір Қосановтың еңбекқорлығы басқаларға үлгі болатын тірлік екенін аудан басшысы атап көрсетті.

 

Қатысты Мақалалар