Түркияда тойдағы жарылысқа қатысты Ердоғанның елге көңіл айту қайғысын ұлы Біләл Ердоған күліп қабылдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап.
Түркияның оңтүстік-шығысында той үстінде болған жарылыстан қаза болғандар саны 54 адамға жетіп, оның 22-сі 14 жасқа толмаған бүлдіршіндер екенін хабарлаған болатынбыз.
Мұны ДАИШ лаңкестік ұйымы жасаған болуы мүмкін деген Президент Ердоған жарылысты 12-14 жастағы жасөпірімнің жасағанын айтты.
Осындай ауыр қазаны түсіндіру барысында артта тұрған Біләл Ердоғанды күлкі қысты. Осылайша ол Ердоғанның қайғысын күліп қабылдады.