Ирактың Киркук қаласында жарылғыш белбеуін таққан бала ұсталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.
Ғаламторда жарияланған бейнежазбада көше ортасында тұрған 12-13 жастағы жасөспірімді көруге болады. Бомбаны жарып жібермес үшін полицейлер оның қолын ұстап тұр. Белбеуді шешкеннен кейін, тәртіп сақшылары оны қауіпсіз жерге апарып, жарып жіберген.
Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы соңғы кезде жанкешті ретінде балалар мен жасөспірімдерді жиі пайдалана бастады. Ересек адамдарға қарағанда олар күдік туғызбайды. Бұл бала Түркиядағы Газиантеп қаласындағы тойда болған жарылыстан кейін бірнеше сағат өтісімен ұсталған.