23 тамыз күні «Универсиада-2017» нысандарында жоспарлы «Алан-Антитеррор-2016» лаңкестікке қарсы шаралары өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz Алматы терроризммен күрес қалалық штабына сілтеме жасап.
Бұл жаттығулардың мақсаты - терроризмге қатысты осал нысандарда террористік қауіп туындаған жағдайда өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтау.
Алан-Антитеррор-2016» оқу шараларын өткізу аясында жеке құрам мен бірнеше арнайы техника жұмылдырылды. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына дүрбелең туғызбауды және түсіністік танытуды өтінген еді.
«Алматы қалалық терроризммен күрес жедел штабы қызметі «Универсиада-2017» нысандарында террористік қауіп туындаған жағдайдағы өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтады. Бөлімшелер берілген тапсырманы орындап шықты», - делінген Алматы қалалық терроризммен күрес жедел штабының хабарламасында.