Оңтүстік Қазақстан облысында диханшылар көкөністер, жемістер және бақша дақылдарын жинай бастады. Бүгінгі күнге ерте көктемде егілген 450 мың тонна көкөніс, 40 мың тонна картоп, 50 мың тонна бақша өнімдері жиналды. Жинау жұмыстары жалғасуда. Аграрлы аймақта биыл көкөніс дақылдары 35 мың га, бақша 58 мың га, картоп 14 мың га егілген.
Алдын-ала болжам бойынша жыл соңына дейін 750 мың тонна көкөніс, 1240 мың тонна бақша, 255 мың тонна картоп жиналады деп күтілуде.
Сонымен қатар, аймақта егіншілер 27 мың га. жерге жеміс-жидек пен жүзім дақылдарын ексе, оның 1,1 мың га интенсивті баулар.
Алдағы уақытта Республика халқын жеміс-жидек және жүзім өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өңірде интенсивті бау шаруашылығын дамыту қарқынды жүргізіліп келеді. Осы жылдың өзінде жалпы 4,3 мың га. жеміс-жидек дақылдарын оның шінде 2 мың га интенсивті бау егу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Пікір қалдыру