Биыл мектеп бітірушілердің 74 % -ы қазақ тілінде, 26 % орыс тілінде ҰБТ тапсырды, егер осы бағытпен кете берсек енді 5 ары кетсе 10 жылда бұл көрсеткіш қазақ тілді оқушы 90% орыс тілді көрсеткіш 10% - ға түседі. Осы бағытпен кете берсе бұл өздігінен ешқандай қаржы төгусіз ақ шешіледі. Оған бола мемлекеттен қыруар қаржы бөлгенше сол қаржыны оқулық сапаландыру, мектептерді зертханалармен толықтау ұстаздардың жағдайын жасауға жұмсаса екі жеп биге шығар еді.
Әттең, бір кем дүние! Қазір орыс мектебіне тек орыс тілді қазақтардың белгілі бір бөлігі және Ресейге кету ниеті бар орыстар ғана оқытады. Ал, басқа ұлттардың көбісі баласын қазақ мектептеріне беру үрдісі басталғалы біраз жылдың жүзі болды.
Сондай-ақ, қазақ мектептерінің білім сапасы орыс мектептерінен артта деген түсініктен оянатын кез келді ғой. Жай ғана дәлел: Астана қаласының мектептерінің рейтінгісінің алдыңғы ондығында бір де бір орыс мектебі жоқ, 8 қазақ мектебі және 2 аралас мектеп бар. Бұл қазақ мектептерінің төмен емес, керісінше баяғыда орыс мектептерін артқа тастап кеткенін көрсетеді. Сол үшін де, орыс мектебі немесе орыс тілді балалар деп, олар үшін бағдарлама жасаймын деп басы артық проблема ойлап табу ақша жеудің тамаша амалы, қазақстанда енді 5-6 жылдан соң тек қазақ мектептері ғана болады, қалғаны өздігінен қазақ тілді мектептерге алмасады, тек қалыптасқан үрдіспен оқулық пен ұстаздар қосынын сапаландыру ең тиімді амал.
Аятжан Ахметжанның Фейсбуктегі парақшасынан алынды
Сурет Азаттық сайтынан алынды.
Пікір қалдыру