Австралияда екі жасар бүлдіршінге кенгуру шабуыл жасады

/uploads/thumbnail/20170709060156529_small.jpg

Бұл туралы ТАСС хабарлайды. Сәбиді хайуанның шайнап тастауынан оның анасы құтқарған. Квинсленд штатындағы Харви-Бей қаласының  Арджи Абихарон есімді тұрғыны қызын құтқару үшін кенгурумен айқасқан.

«Мен үйде отырып алты жасар ұлымның айғайын естідім» дейді, әйел журналистерге берген сұхбатында. — Далаға шыққанымда жерде ес-түссіз жатқан қызыма шабуылдаған кенугурді көрдім. Кенгурудің тұрқы мендей-ақ болар. Мен оны аяғыммен тептім де, қарсы шабулыға көштім. Ол да мені тарпа бас салмақ еді, көршімнің даусынан қорқып қашты».  

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер қыз баланы ауруханаға жеткзіді. Қажетті көмек көрсеткеннен кейін бүлдіршін үйіне жіберілді. Бүлдіршін қызға кенугурдің тырнағы батып кетсе керек, денесінде тырнағының іздері қалыпты. Жергілікті рейнджердің сөзіне сенсек, кенгурулер Харви-Бей аймағында өте көп, бірақ бұған дейін адамға шабуылдамаған көрінеді. 

Қатысты Мақалалар