Алматыда Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан Kaspi Bank ғимаратының ішінде және сыртында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жедел жәрдем көлігінде банктің әйел қызметкеріне медицина қызметкерлері көмек көрсетуде.
Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер Kaspi Bank-ті тонауға әрекеттенген. Полиция оқиғаның анық-қанығын кейінірек хабарлауға уәде берді.
Ал, қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне хабарласу әзірге мүмкін болмады.
Пікір қалдыру