Ташкент әуежайында Ислам Кәрімовпен қоштасу рәсімі өтті (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709062349910_small.PNG

Ташкент әуежайында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовпен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz  Uzreport TV телеарнасына сілтеме жасап.

«Ташкент әуежайында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовпен қоштасу рәсімі өткізілді. Қаралы рәсімнің қалған бөлігі И.Каримовтың туған қаласы Самарқандта өткізіледі», - деп жазды Өзбекстан телеарнасы Фейсбуктегі парақшасында

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 қыркүйегі күні Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтың жүрегі  20:15-те қызметін тоқтады. Қарқынды реанимациялық шаралар нәтиже бермей, 20:55-те науқастың биологиялық өлімі тіркелді.

Ислам Кәрімовтың жаназасы бүгін 3 қыркүйекте Самарқанда шығарылады.

 

Қатысты Мақалалар