Алматы тұрғындары Өзбекстан елшілігі алдына гүл шоқтарын қойды

/uploads/thumbnail/20170709062358988_small.jpg

Алматыда тұрғындар Ислам Каримовтың қайтыс болуына байланысты Қазақстандағы Өөбекстан республикасы елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын әкелуде, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Таңғы жетіден бастап Алматы тұрғындары мен қонақтары Қазақстандағы Өзбекстан Республикасы елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын әкеліп, көңіл айту кітабына жазба қалдыруда.

«Біздің Отанымыз, күллі өзбек халқы орны толмайтын, ауыр қазаны  бастан өткеруде. 2016 жылғы 2 қыркүйекте ауыр аурудан кейін көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер, Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Абдуганиевич Каримов дүниеден өтті», - деп жазды Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Икром Назаров.

Қатысты Мақалалар