Бүгін әлеуметтік желіге жас қыздардың төбелескен видеосы түсіп, елді елең еткізді. Ерсі қылыққа барған бойжеткендердің кәмелеттік жасқа толмаған, жасөспірім кезеңінің жастары екенін байқауға болады. Қыздар әлденеге сөзге келіп қалса керек. Сөйтіп, күші басымы әлсізін аяғының астына басып, жұдырықтай жөнелген. Арасында, бірін бірі балағаттап, қоршап тұрғандары "үстіне шық", " ұр" деп жатыр. Ал өзгелері телефондарына түсіріп мәз-мейрам. Соңғы кездері Қыз Жібек пен Баянның сіңілілерінің төбелесуі қазақ қоғамында жиі орын алуда. Көпшілігі мектеп оқушылары мен колледждің студенттері. Және видеодағы бейнелеріне қарасаңыз баршасы да қарапайым ауылдың қаракөз қыздары.