Қызылордада тікұшақ құлады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709063806438_small.JPG

Қызылорда облысында тікұшақ құлап, төрт адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап. 

"ҚазТрансОйл" Акционерлік қоғамы филиалының қызметкерлері мінген тікұшақ көкке көтерілген сәтте апатқа ұшыраған.  Тікұшақ бортында жалпы саны жиырма екі адам болған.

Оның 19 -ы "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамы Шығыс филиалының, Жезқазған мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері. Ал үшеуі экипаж мүшелері екен. Ми-8 тікұшағы "Евро-Азия Эйр" әуекомпаниясына тиесілі. Әуе көлігі вахталық режимде жұмыс істейтін қызметкерлерді "Құмкөл"  мұнай өңдеу станциясынан Жезқазған қаласына апара жатқан. Ал зардап шеккен төрт адам әртүрлі деңгейде жарақат алған. Алғашқы медициналық қызмет көрсетілгеннен кейін, олар ары қарай тексеруден өту үшін Қызылордаға жіберілген. 

Қатысты Мақалалар