БАҚ: Мәсімов үкіметі 9 қыркүйекте отставкаға кетеді

    БАҚ: Мәсімов үкіметі 9 қыркүйекте отставкаға кетеді

    Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен кеңейтілген отырыс өтеді.

    Кәрім Мәсімов үкіметінің биліктен кетуі жұма күні, қыркүйектің 9 күні  болуы мүмкін,- деп хабарлайды Qamshy.kz   Zakon.kz сайтына сілтей отырып. Бұл туралы агенттікке хабарлаған дереккөз Астанадағы жағдаймен жақсы таныс адам көрінеді.

    Агенттіктің ақпарат берушісі « Үкіметтің биліктен кетуі» —  мүмкін деді.  Мәсімов алғаш рет 2007 жылы Кабминді басқарып, бұл қызметте 2012 жылға дейін жұмыс атқарды.

     2012 - 2014 жылдар арасында Қазақстан президент әкімшілігі төрағасы қызметін атқарды. 2014 жылдың сәуір айында қайтадан Қазақстан үкіметін басқарды.

    Осы жұма, қыркүйектің  9 күні, Астанада  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген  отырыс өтеді. 

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025