Айдос  Сарым: «Аңыз адам» журналында даурығатын ештеңе жоқ

/uploads/thumbnail/20170708152054081_small.jpg

    Белгілі  саясаттанушы Айдос Сарым  дау  тудырған «Аңыз адам» журналы туралы  ұтымды  ойлар  айтты. Оның  пікірінше,  қазақ халқының  Гитлерді және  оның  саясатының  салдарын  талқылағанында тұрған не  бар? Және:  «1986 жылы  қазақты «шектен  шыққан  национализст» деп  кінәласа, енді  мүмкін «шектеусіз фашизм»  деп айыптайтын шығар», -  дейді  А. Сарым.

   Саясаттанушы Facebook парақшасында  өзінің  «Аңыз адам»  журналының Гитлерге  арналған  нөмірін мұқият оқып шыққанын  және  ақылға  қонымсыз дейтін ештеңе таппағанын жазады: «Редакция Гитлердің  идеяларын насихаттап  отырған жоқ, әсіреұлтшылдықты  мен байқамадым.   Қазақтар Гитлердің кім  болғанын талқылай  алмайды немесе  талқылауларына  болмайды деп  кім айтты? Оның  Сталиннен айырмашылығы  қандай? Гитлер  саясатының  салдарынан  қаншама  адам  қаза тапты.  Редакцияның нөмірді  сатылымнан алып тастауы  бекер-ақ болды. Егер кең түсінікте  алып  қарасақ, тырнақ  астынан кір іздеудің  керегі жоқ. Біздің дүкендерде Ресей баспалары шығарған Муссолини мен Геббельстің кітаптары  ашық,  заңды түрде  саталуда. Ғаламтордан "Майн Кампфты" еркін  жүктеп  алуға, «Лени Рифеншталь» фильмін  көруге  болады. Қай  орыстілді  журналист  бұған кінә тақты. Қаншама "жарыместер" Лимонов,  Жириновский секілді фашистік ұранмен шыққанда үнсіз қалды, тіпті  ақтауға  тырысты. Кім  қарсы  болды?», - дейді сарапшы.

Сонымен  қатар, орыстілді ақпарат кеңістігінде  Гитлер туралы ақпараттың нөпір екенін  жазады: «Орыстілді Гугл  іздеу жүйесі Гитлер тегіне  1 миллиона 300 мыңнан астап  ақпарат  тауып берді. Яндекс те  сол шамалас. Егер журналды  жапқылары келсе,  бірінші  сол сілтемелердің  көзін  жойсын!»

Айдос Сарым «Аңыз адам»  журналының  бас  редакторы Жарылқап Қалыбайды негізсіз айыптап,  абыройына нұқсан келтіргендерге  қатысты  сотқа шағымдануына болатынын айта кетті:  «Тағы  бір  ескерерлік  жайт, журнал  - бұл бизнес. Егер сатып алғыңыз  келсе,  - алмаңыз! Олар даурықпай, сатып  алмауға үгіттесін!  Қит еткен  нәрсеге  «шаштарын  жұла  бермесін». Шынтуайтына  келгенде,  Жарылқап Қалыбайдың  өзі  басылымды  және  оның абыройына  нұқсан келтірген  адамдарды  сотқа  беруіне  болады. Әрі қарай өз жұмысын жалғастыра  берсін. Орыстілді  басылымдардың жазуына қарағанда, журналдың таралымы  еш зардап шекпейді».

Сөз  соңында: «Біз әзер байланысып тұрған екі  әлемде өмір  сүріп отырмыз. Қазақ редакторларының  бәрімен сөйлестім, олар  да сорақы  ештеңе  таппаған. Бұл  көп  жайтты  аңғартады. Бұл жерде екі байлам  бар: әлдекімдер  «РТР» мен  теледидардан «қызып» кеткен немесе  1986 жылы  бар қазақ ұлтын «шектен  шыққан  нацианалист» деп  кінәласа, енді  мүмкін «шектеусіз фашизм»  деп айыптасын!"

Айта кетейік,  «Жұлдыздар  отбасы. Аңыз адам» журналының сәуір айындағы саны Адольф Гитлерге  арналғаны үшін «әлеуметтік,  ұлттық,  рулық, нәсілдік  немесе діни   араздықты  қоздыру» фактісі  бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Осыған байланысты қоғамда біраз шу  туындап  отыр.

«Аңыз адам» журналының  айлық тарапымы 25200. Соңғы саны сатылымнан шығарылды.

Қатысты Мақалалар