Алматыда дене бөлшектері табылған ер адамды жерлеу рәсімі 9 қыркүйекте өтеді

/uploads/thumbnail/20170709064030379_small.jpg

Алматыдағы Абылай хан мен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы үйлердің бірінің қоқыс контейнерінен дене бөлшектері табылған ер адам Кентаудан келген болып шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

Қаза болғанның туысының айтуынша, ол пышақ жарақатынан қаза тапқан. "Оны 6 қыркүйекте, сейсенбі күні өлтіріп кеткен. Тергеудің мәліметінше, ол пышақ жарақатынан өлген. Жерлеу рәсімі 9 қыркүйекте өтеді. Мен Алматыға бара жатырмын. Оны қалада жерлейміз, оның баласы жоқ, отбасы құрмаған. Мән-жайын білмеймін", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, куәгерлерді сұрастырып жатыр. Оқиға орнына қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев келді. Сондай-ақ оқиға орнында прокурорлар да жұмыс жасап жатыр. 

ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ер адамның мәйітінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыс болған пәтерді де анықтаған.

Сонымен қатар, көрші пәтерде тұратын әйел түнгі уақытта ешқандай айқайды естімегенін айтты. Ол пәтердің жалға берілетінін растады.

Қатысты Мақалалар