Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивалде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының актері Азат Сейтметов кинорежиссер Асқар Ұзабаеватың «Әке» телехикаясындағы әке ролі үшін қазылар алқасының шешімімен жылдың үздік актері номинациясында жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық кинофестивалде Азат Сейтметовтың үздік актер атануы қазақ киноматеграфиясының жеңісі.
«Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген режиссер Асқар Ұзабаевтың «Әке» телехикаясы – әлеуметтік драмасы өмірдің, тұрмыстың ауыр кезеңдерін бастан кешіретін отбасы туралы баяндайды.
Азат Райымбекұлын халықаралық кинофестивалдегі жеңісімен театр ұжымы шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!