Өзбекстанның премьер-министрі Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Мирзиеев республика парламенті қос палатасының бірлескен отырысында бекітілген.
«Шавкат Мирзиеев бүгін Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Ниғматилла Юлдашев бұл қызметтен өзі бас тартты», - деп хабарлады агенттік сұхбаттасушысы.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов 2 қыркүйек күні 78 жасында қайтыс болды. Ол туған жері Самарқанда жерленді.
Өзбекстан конституциясы бойынша президент сайлауы үш ай мерзім ішінде өтуі тиіс.