Қоғамдық белсенділерді Мәжіліске депутат ету керек

/uploads/thumbnail/20170709064614368_small.jpg

Тәуелсіз журналист Әміржан Қосанов осындай ұсыныс тастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Билік Жер дауын шешу барысында комиссияға қоғам өкілдерін шақырды. Оларсыз үкіметке ешкім сенбес еді. Енді, міне, терроризммен күрес туралы заңды өзгертуге тағы да сол азаматтарды шақырып жатыр. 

Ұсыныс: басты қатыра бермей, осы және басқа, білімді, өзіндік пікірі мен ұсынысы бар, ел алдында беті ашық, беделді азаматтарды сол Мәжіліске сайлап алу керек! Сонда жұмыс істеп, елге пайда келтірсін! Биліктің де абыройы бір саты болса да жоғарылар еді емес пе?!», - деп жазады Ә. Қосанов. 

Естеріңізге салсақ, Мәжілісте бірқатар заң жобаларын талқылауға қоғамдық белсенділер, саясаттанушылар мен дінтанушылар және құқыққорғаушылар тартылған болатын.

Қатысты Мақалалар