Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.
Кездесу барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы, өңдеу саласы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қолдау жөніндегі міндеттердің орындалуын жалғастыруды тапсырды.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.