Геннадиц Головкин мен Келл Брук кездесуінің нақты уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Vesti.kz – ке сілтеме жасап.
Бокс кешінің негізгі жекпе-жегі қыркүйектің 10-ынан 11-іне қараған түні, Астана уақытымен 03 сағат 30 минутта өтетін болды.
Бұл туралы ресейлік бокс комментаторы Григорий Стангрит Туиттерде жазған.
Естеріңізге салсақ, WBC, IBF және IBO титулдары үшін жұдырықтасатын Головкиннің жекпе-жегін «Қазақстан» ұлттық арнасы және «Қазспорт арнасынан көре аласыздар.