Оралмандар 1 жыл ішінде азаматтық алатын болды

/uploads/thumbnail/20170708152106048_small.jpg
img_8039 Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингі барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Оралмандар жөнінде өткен жылы жаңа заң қабылдаған болатын. Сол заңға сәйкес егер де Қазақстанда оралмандарды қабылдайтын аймақтар бекітіліп, сол өңірлерге азаматтар барған кезде оларға оралман мәртебесі берілген. Ал, егер олар басқа аймақтарға баратын болса, «оралман» мәртебесі алынып тасталған болатын. Бүгін үкіметте біз бұл мәселені қайта қарап, қазір біздің қандастарымыз республиканың қайсы облысына баратын болса да, сол жерде оларға оралман мәртебесі берілетін болды»,- деді Т.Дүйсенова «Екіншіден, жаңа заңымызда көрсетілгендей, белгілі бiр өңірден басқа өңірге көшсе, онда оралмандар шетел азаматтары сияқты өздерінің төлеу қабілеттілігін дәлелдеп, содан кейiн уақытша тұруға мүмкіндік алатын еді. Қазір мақұлданған шешімге байланысты азаматтар, этникалық қазақтар, өзінің төлеу қабілеттілігі жөнінде еш дәлелдеме талап етілмейді, еліміздің азаматтығын алу үшін үлкен тосқауылдар болмайды. Егер алдыңғы заңымызда шетелден келген қандастарымыз оралман мәтебесін алып, 7 жылдан кейін ғана мемлекеттің азаматтығын ие болса, қазір қайтып келгеннен кейін 1 жылдың ішінде азамат оралман мәртебесін алады, содан кейін 1 жылдан соң мемлекет азаматтығын ала алады», - деп толықтырды ол. Сонымен қатар, министр шетелден оралған азаматтардың бейімделуі мен ықпалдасуы үдерісін жеделдету, жұмыспен қамту мәселелері шешу мақсаттарында оралмандарды еңбек ресурстары жеткіліксіз болып отырған өңірлерге тартуға әрекет жасау көзделуде деп мәлімдеді. «Қайсы аймаққа барам десе де, ол - қандастарымыздың өз еркі. Бiз анықтаған еңбек ресурстары жетіспейтін өңірлерге баратын болса, онда ол азаматтарға қосымша әлеуметтік пакет берілетiн болады», - деп ол. Дина Құлмағанбетова BNews.kz

 

 

Қатысты Мақалалар