Қазнет тарихындағы ең ірі келісім жасалды

/uploads/thumbnail/20170708152109843_small.jpg

Қазнет тарихындағы ең ірі келісім жасалды

 

«Бэринг Восток»  жетекші инвестициялық қоры «Колёса» компаниясына $15 миллион инвестиция салады.

Бүгін «Колёса» ЖШС «Бэринг Восток»  қорының  $15 миллион көлемінде инвестиция салғаны және www.market.kz  жаңа жобасының іске қосылғаны туралы хабарлады.

 

– Бұл қазақстандық интернет тарихындағы ең үлкен келісім, - дейді «Колёса» ЖШС Бақылаушылар Кеңесінің Төрағасы Михаил Ломтадзе. -«Бэринг Восток» қорларында Яндекс, Озон және Авито сияқты танымал интернет компанияларға инвестиця салудың аса табысты тәжірибесі бар. «Бэринг Восток» сынды халықаралық инвестордың келуімен біздің компания үшін даму мен нарықтық позициясын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер ашылады.

Еске сала кетейік,«Колёса» ЖШС Қазақстандағы автокөлік пен жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу туралы жеке жарнамаларды орналастыру мен жариялау бойынша көшбасшы. Бұған дейін компания иелегінде www.kolesa.kz, www.krisha.kz  сайттары болған еді. «Колёса»ЖШС директоры Николай Бабешкиннің айтуынша,  жаңа қосылған www.market.kz   сайты қазақстандықтарға кез-келген тауарды сатуға, сатып алуға мүмкіндік береді. «Бізге салынған инвестицияны сайтты дамытуға жұмсамақпыз. Жуық арада нарықты бірінші болу басты мақсатымыз» деп атап өқтті ол бүгінгі баспасөз мәслихатында.

www.kolesa.kz және www.krisha.kz сайттары 2006 жылдың көктемінде іске қосылған. Қазіргі кезде www.kolesa.kz Қазақстанда автокөлік саудасы туралы хабарландырулардың №1 сайты, ал www.krisha.kz жылжымайтын мүлік бойынша Қазақстанда №1. Өткен жылдың басында компанияны Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Ким сатып алған еді.

Қатысты Мақалалар