Біздің өскелең ұрпағымыз қазақтың тілі мен дінінен, барша ұлттық құндылықтарынан безгендер, таза қазақты менсінбейтіндер болып өсуде. ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығында өмір сүріп отырған бүгінгі ұрпақ орыс тілінде оқып, білім алады. Бұлар ешқашан да қазақ болмайды. Билік басындағылар да сондайлар. Ресей мен Украина арасындағы текетіресте бұл орысшылдар Ресейдің жағына шығып кетті. Өйткені олар барлық жан-тәнімен орекеңдерге «адал» қызмет жасағылары келеді. Турасын айтқанда, олар қайтадан оырсқа бодан болғысы келеді. Бодан болу – олардың генетикалық қанында сақталып келе жатқан аса қауіпті дерт.
Біздегі «140 ұлт» және «Қазақстан халқы ассамблеясы» деген сөз тіркестерін өздерінің қазақ ұлты алдындағы қылмыстарын бүркемелеу үшін әдейі ойдан шығарып алған өтіріктері. Міне, олар осы жасанды «140 ұлт» пен «ассамблеяның» арқасында, таза қазақ ұлтын қорлап келеді. Сырттан келетін қазақ көшін заңды тұрғыдан тоқтатып отырғандар да солар. Бұларға Қазақ ұлтының түкке де қажеті жоқ! Олар бұл ойларын жасырмайды да.
Бір ғана мысал, таяуда ғана «Аңыз адам» журналы төңірегіндегі дау-дамайды қоздырып отырғандар ең алдымен өзіміздің орысшылдардың болып отырғаны қандай аянышты еді! Орыс осы басылымға байланысты бірдеңе деп еді, біздің тарап шулап шыға келді. Ал олар қазақ басылымының түбіне жетпей тынбайтындарын істерімен де, сөздерімен де жанталаса дәлелдеп жатыр...Оларда ұлттық намыс, ұят деген түсінік, ұлттық ар, ұлттық қанағат сезімі деген болмайды. Қазақстан тәуелсіздігін алған 23 жылдың ішінде тек ұрлықпен, тонаумен айналысып келді. Осы жылдар ішінде қолды болған 150 млрд АҚШ долларын ұрлап кеткендер - ең алдымен билікте отырғандардың өздері екенін жұрттың бәрі біледі.
Олар бұл ұрлықтарын таяуда мемлекет деңгейінде мойындады. Мойындамай емей немене, мемлекет басшысының өзі оларға офшордағы ақшаларыңды шығарып, елге әкеліңдер, біз сендердің ол қылмыстарыңды заңдастырамыз деген сыңайда айтып салды ғой!
Өйткені, бұл ұры-қарылар Ресейдің басқыншылық саясатын ауыздықтау мақсатында АҚШ пен Батыс мемлекеттері ондағы ұрыларға экономикалық санкция жариялап, сондағы олардың есеп-шоттарын бұғаулады емес пе? Көп ұзамай бұл күннің біздегі ұрылардың да басына түсуі ғажап емес. Қазақ «ұрының құйрығы – бір-ақ тұтам» деген.Тумысынан тексіздер - қашан да күштіден қорқады. Ол күшті – мына көршіміздің қожайыны болып тұр. «Еуразиялық одақ» деген – біздегі жемқорлардың уақытша болса да жан сақтай тұратын жерлері. Сондықтан да олар Қазақстанның тәуелсіздігін тәрк ету арқылы өздерінің «өміршеңдігін» дәлелдемек.
Жұмаш Кенебай