2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Алматы – Дубай» бағыты бойынша аптасына 11 рейс ұшатын болады: «Эйр Астана» авиакомпаниясы аптасына 7 рет ұшса, «Флай Дубай» араб әуе тасымалдаушысы 4 рейс жасайтын болды.
«Қазақстаннан Дубайға ұшу 2010 жылдың қазанында тоқтатылған, себебі – Дубайдың авиациялық биліктері рұқсат бермей қойды. Сондықтан, «Эйр Астана» Абу-Дабиге тұрақты рейстер жасай бастады. Көлік және коммуникация министрлігі мен авиакомпаниялар араб әріптестерімен «Алматы – Дубай» рейсін қайта жаңғырту жөнінде келіссөздерді ширата түсті. Сөйтіп, көптеген кездесулер арқасында оң нәтижеге қол жеткіздік. Енді қазақстандықтар көңілдері қалаған курорттарға екі қаладан да ұша алады, яғни Алматыдан Дубайға және Астанадан Абу-Дабиге», – деп мәлімдеді ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев.
Baq.kz